|
10.09.2020 | 11:02
2510

Коронавирус: Әлем бойынша құрбандардың саны 900 мыңнан асты

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 індетін 11 наурызда пандемия деп жариялады

Коронавирус: Әлем бойынша құрбандардың саны 900 мыңнан асты istockphoto.com

Әлемде коронавирус құрбандарының саны 900 мыңнан асты, деп мәлімдеді Джон Хопкинс университеті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Университеттің мәліметтері бойынша әлемде коронавирустан 900 079 адам қайтыс болды, 18 606 083 адам емделді, анықталған инфекцияның жалпы саны 27 695 130-ға жетті.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 індетін 11 наурызда пандемия деп жариялады.

Бұған дейін ДДСҰ адамзатты жаңа пандемияға дайын болуға шақырған.

«Бұл соңғы пандемия емес. Тарих бізге эпидемия мен пандемия өмірдің бір бөлігі екенін үйретеді. Бірақ келесі пандемия пайда болған кезде барлық мемлекеттер оған қазіргі коронавирустық пандемияға қарағанда көбірек дайын болуы керек», – деді ДДСҰ басшысы.

Сондай-ақ, ДДСҰ бас директоры әлем қазіргі пандемиядан сабақ алуы керектігін атап өтті.

«Оң импульс көрсетіп отырған көптеген елдер бұған қол жеткізе алды, өйткені олар ЖРВИ, Таяу Шығыстағы респираторлық синдром, қызылша, полиомиелит, эбола, тұмау және басқа аурулардың өршуінен кейін дайындалды», – деп мәлімдеді ДДСҰ бас директоры.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир