АҚШ-тың атақты рэпері Дрейк «Макдоналдс» дәмханасының екі қызметкерінің әрқайсысына он мың доллардан шайпұл қалдырып кетті, деп жазады Sputnik.
Басылымның жазуынша, хип-хоп орындаушы бургер сатып алып, кейін даяшы қыздарға қомақты ақша сыйлаған.
Twitter желісінде Дрейктің «Макдоналдс» дәмханасында жүрген суреті жарияланды. Фотода әртіс қос оққағарының қасында дәмхана қызметкерімен сөйлесіп тұр.
Кадрды оқиғаға куәгер болған AJ деген қолданушы жүктеген екен.
2018 жылы қыркүйекте Дрейк жылдың ең табысы мол рэперлерінің ондығына енді. Оның табысы 47 миллион долларды құрапты.
Жұлдыз бұдан бұрын да жомарттығымен көзге түскен. 2018 жылдың ақпан айында God’s Plan әніне бейнебаян түсіріп, сол кезде бейтаныс жандарға миллион доллар таратқан еді.