Анасы бірнеше күн сегіз кішкентай баласын пәтерде оңаша қалдырып кеткен

20.11.2019 15:07

Балалардың үлкені 8 жаста, кенжесі небары 6 айлық

Мәскеуде анасы кішкентай балаларын бірнеше күн бойы пәтерде жалғыз өздерін қалдырып кеткен. Тергеу комитетінің басшысы Юлия Иванова 18 қараша күні кешкісін жедел жәрдем бригадасы астананың оңтүстік-батысындағы бір бөлмелі пәтерден алты айлық сәбиден бастап, 8 жасқа дейінгі балаларды суық үйде тапқанын айтты, деп хабарлайды stan.kz.

Балалардың анасы бірнеше күн бойы үйінде болмаған. Иванова балалардың 1956 жылы туған әжесінің бақылауында болғанын түсіндірді.

Baza басылымының хабарлауынша, 63 жастағы әйел, яғни, балалардың әжесі қатты мас болғандықтан, дәрігерлер келгенде тіпті сөйлей де алмады. Сол себепті бүлдіршіндер Мәскеудің түрлі клиникаларына жіберілді.

Отбасы толыққанды емес санатқа жатады және алдын алу жүйесінің органдарында тіркелген. Дәрігерлер балалардың тұрмысы нашар екенін атап өтіп, дереу құқық қорғау органдарына хабарлады.

Осы факті бойынша тергеуге дейінгі тексеру ұйымдастырылды, оған Мәскеу прокурорлары тергеушілермен бірге қатысады. Атап айтқанда, алдын-алу жүйесі қызметкерлерінің әрекеттері мен әрекетсіздігіне баға беріледі.