Пиротехника зауытында жойқын жарылыс болды

Фото: Видео кадры
Фото: Видео кадры
Салдарынан 11 адам қаза тауып, тағы 60 адам жарақат алды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Үндістанда пиротехника бұйымдарын шығаратын зауытта болған жарылыс салдарынан 11 адам қаза тауып, тағы 60 адам жарақат алды. Бұл оқиға Мадхья-Прадеш штатында болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

"Сейсенбі таңертең Мадхья-Прадеш штатындағы Бейрагарх ауылындағы отшашу фабрикасында болған жарылыс салдарынан 11 адам қаза тауып, 60 адам жараланды", - делінген басылым хабарламасында.

Жарылыс жақын маңдағы 60 үйді қиратты. Бұған қоса билік тағы 100 үйден адамдарды эвакуациялады.

Оқиға орнында құтқару операциясы жалғасып жатыр: ондаған адам зауыт ғимаратының қирандыларының астында қалуы мүмкін. Жарылыстың күшті болғаны сонша, ол 15 шақырым радиуста сезілді.

Оқи отырыңыз: Тоғызыншы қабаттан секірген қыздың өліміне не себеп болды

Новости партнеров