|
06.12.2023 | 10:14
522

Еуропадағы қыс: Германияда үш адам қаза тапты

Екі ересек адам, оның ішінде жүргізуші ауыр жарақат алды

Еуропадағы қыс: Германияда үш адам қаза тапты elements.envato.com

Якутияда аяз, Оймякондағы «суық полюсте» температура 57 градусқа дейін төмендеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Германия

Германияда толассыз жауған жаңбыр аралас қардан жол апаттары жиілеп, үш адамның қазасына себеп болды. Мюнхен әуежайы рейстерді тоқтатуға мәжбүр. Саксонияда мектеп автобусы апатқа ұшырап, бір бала қаза тапты, тағы алты оқушы жарақат алды. Екі ересек адам, оның ішінде жүргізуші ауыр жарақат алды.

Жоғарғы Баварияда жеңіл көлік пен трактор тіркемесі соқтығысып, тағы екі адам қаза тапты.

Мюнхен маңындағы A99 автожолы 13 көліктің апатқа ұшырауынан кейін екі бағытта да тоқтатылды.

Deutsche Bahn пойыз операторы Мюнхен аймағындағы қызметтер бірнеше күнге үзілетінін айтты.

Сейсенбі күні таңертең Аустрияның Зальцбург және Инсбрук қалаларына, сондай-ақ Швейцариядағы Цюрихке теміржол қатынасы тоқтатылды. Deutsche Bahn Германияның оңтүстігінде де рейстер кешігіп, кейінге қалдырылуы мүмкін екенін айтты. Жолаушылардан маңызды емес сапарларды кейінге қалдыруға кеңес берілді.

Ұлыбритания

Англияның бірқатар аймағында қолайсыз ауа райы су тасқынына ұласып, теміржол қатынасы үзілді, бірнеше бағыттағы тасжол жабылды.

Англияның солтүстігінде, Камбрияда қалың қар салдарынан мыңдаған үй электр жарығынсыз қалды, көліктер қар басқан жолдарда тұрып қалды.

Польша

Краков өткен демалыс күндері жауған қалың қармен әлі алысып жатыр. Қала көшелеріне 4600 тонна тұз төгілді. Үш күнде қар тазалауға жылдағыдан көп қаржы жұмсалды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир