Президент әйгілі футболшы Пеленің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
Getty images
Футбол патшасы саналған Пеле (Эдсон Арантис ду Насименту) 82 жасында ұзаққа созылған дерттен көз жұмды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қасым-Жомарт Тоқаев даңқты футболшы, үш дүркін әлем чемпионы Пеленің қайтыс болуына байланысты Бразилия Президенті Жаир Болсонаруға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Almaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы футбол тарихындағы ұлы спортшылардың бірі ретінде оның футболды бүкіл әлемге танытуға зор үлес қосқанын атап өтті.
Президенттің айтуынша, Пеле әрқашан футболға деген адалдықтың символы әрі жанкүйерлердің сүйікті футболшысы болды және солай болып қала береді. Сондай-ақ ол спорттың осы түрін ең жоғары деңгейге көтерді.
Айта кетейік, футбол патшасы саналған Пеле (Эдсон Арантис ду Насименту) 82 жасында ұзаққа созылған дерттен көз жұмды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
17.10.2026 12:27
Ішкі түйсігіңізге сеніңіз: 17 қазанға арналған жұлдыз жорамал
17.10.2026 10:23
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
18.10.2026 09:13
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
17.10.2026 16:17
Қызыл алма мен жасыл алманың қайсысы ағзаға пайдалы
17.10.2026 12:37