|
12.07.2022 | 10:21
2095

Әйгілі британдық композитор Монти Норман қайтыс болды

Ол 94 жасында дүниеден озды

Әйгілі британдық композитор Монти Норман қайтыс болды  Фото: montynorman.com

«Джеймс Бондты» жазған әйгілі британдық композитор Монти Норман 94 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Монти Норман Шығыс Лондонда латвиялық иммигранттар отбасында дүниеге келген. 16 жасында анасы алғаш рет гитара сатып әперген, содан бастап өнерге әуестене бастады. Композитор Вест-Энд шоуларына, соның ішінде «Expresso Bongo» және «La Douce» музыкасын жазды. 1962 жылы ол британдық тыңшы туралы «Доктор Ноу» фильмінің музыкасын жазуға тапсырыс алды. Кейіннен «Джеймс Бонд» агент 007 туралы барлық фильмдердің визит карточкасына айналды. Музыкант 2022 жылы 11 шілдесінде айықпас дерттен қайтыс болды.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир