Әртістер өнер көрсету кезінде он метрлік биіктіктен құлап кетті

06.01.2020 15:23

Көрермендер әртістердің құлауын шоу деп ойлаған

© AFP 2019 / Ted Aljibe

Өзбекстанның екі акробаты Нидерланд елінің астанасында өнер көрсету кезінде он метрлік биіктіктен құлады, деп хабарлайды SPUTNIK NL Times-ке сілтеме жасап.

Оқиға Корольдік театрда болған. Куәгердің айтуынша, ер адам әйелді бір қолымен ұстап, екіншісін босатқан кезде әртіс әйел құлап кеткен. Ер адам оның үстіне құлаған.

«Ол арқасымен құлады. Қозғалған жоқ. Ал ер адамның қозғалғанын көрдім», – деді көрермен.

Sky Angels дуэтінің акробаттары сақтандырусыз өнер көрсеткен. Бұл олардың нөмірінің басты артықшылығы болатын. 

Көрермендер әртістердің құлауын шоудың бөлігі деп ойлаған. Алайда кейін залдағы адамдар айқайлай бастады. Бірер минуттан соң жүргізуші шоудың аяқталғанын хабарлап, көрермендердің залдан шығуын өтінді.