Шешенстан президенті өкілеттігін уақытша тоқтатты

16.01.2020 15:26

Ел билігін Муслим Хучиевке қалдырды

news.myseldon.com

Шешенстан президенті Рамзан Қадыров «уақытша жұмысқа жарамсыздығын» хабарлап, 13 қаңтардан бастап ел билігін Муслим Хучиевке қалдырды. Бұл туралы Шешенстан үкіметі басшысының сайтында жарияланған өкімде айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости сілтеме жасап.

«Шешенстан Республикасы Конституциясының 76-бабына сәйкес, менің уақытша еңбекке жарамсыз кезімде Республика басшысының міндетін орындауды 2020 жылдың 13 қаңтарынан бастап Үкімет төрағасы Хучиев Муслим Магомедовичке жүктеймін», - делінген құжатта. Құжатқа 13 қаңтарда қол қойылды.

Теги: уақытша