|
28.10.2021 | 10:30
12580

Қарашадан бастап миллиондаған адам WhatsApp-қа кіре алмауы мүмкін

Мессенджер 2021 жылдың 1 қарашасынан бастап бүкіл әлемдегі ескі смартфондарда істен шығады

Қарашадан бастап миллиондаған адам WhatsApp-қа кіре алмауы мүмкін rbc.ru

Facebook-ке тиесілі танымал WhatsApp мессенджері ескі смартфондарда істен шығады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Мессенджер 2021 жылдың 1 қарашасынан бастап бүкіл әлемдегі ескі смартфондарда істен шығады. Бұл өзгеріс 4.1 нұсқасынан төмен Android операциялық жүйесі бар немесе iOS операциялық жүйесі 10 нұсқасынан төмен 43 смартфон моделіне әсер етеді.

Мессенджер 2011 жылы шығарылған iPhone 4s, Samsung Galaxy Trend Lite, Sony Xperia Miro, Huawei Ascend G740, Alcatel One Touch Evo 7 және басқа да смартфондарда жұмыс істемейді.

Өзгерістер қосымша бірден істен шығатынын білдірмейтіні, бірақ жаңартуларды жүктеу енді мүмкін болмайтыны айтылды. Себебі бұл ақау туындатуы мүмкін.

Бұған дейін WhatsApp мессенджерінде көптен күткен функция - дауыстық хабарламаның мәтінге айналатыны хабарланған еді.




Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир