|
28.10.2021 | 11:49
1977

Алматыда бір тәулікте 3 578 адам КВИ екпесін алды

Вакцина алған 60 жастан асқан қарт кісілер саны – 120 440

Алматыда бір тәулікте 3 578 адам КВИ екпесін алды sib-science.info

2021 жылғы 28 қазанға арналған вакцинация және коронавирус инфекциясының таралуы бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

2021 жылдың 27 қазан күнгі жағдай бойынша коронавирус инфекциясын 226 адам анықталды (жергілікті), оның 222-і симптомдық белгілері бар және 8-і симптомсыз.

Барлық емделіп шығарылғандар – 115, келіп түскені – 119.

Инфекциялық стационарларда (2 334 төсек-орын) жалпы саны 1 052 адам (оның ішінде 24 балалар) емделіп жатыр.

Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде –  107.

ӨЖЖ – 23, инвазивті емес ӨЖЖ – 51, High flow-да 28 аппарат жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 2 369 науқас жатыр, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде –  2 275, симптомсыз 94 науқас бар.

Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде КВИ вакцинасының  1-компонентін – 1 429 адам, 2-компонетін 2 149 адам вакцинацияланды.

Биылғы 1 ақпан мен 27 қазан аралығында қала бойынша  1-компонентін – 991 654 адам, 2-компонентін 922 161 адам вакцинацияланды.

Вакцина алған 60 жастан асқан қарт кісілер саны – 120 440.

Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 137 вакцинация пункті жұмыс істейді. 205 вакцинация бригадасында 733 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир