Үш рет сотталған ер азамат ішімдікке сылқия тойып алып, отбасы мүшелеріне пышақ ала жүгірген
Наубайханада орналасқан бейнебақылау камералары осында қансырап көмек сұрап келген 12 жастағы жеткіншекті видеоға түсіріп қалыпты, деп хабарлайды Stan.kz.
Сұмдық оқиға Татарстанда орын алған. Татар азаматы өзінің әйелін, жасы үлкен өгей баласы мен екі жастағы туған баласын пышақтап өлтіріп, 12 жастағы өгей баласына тап беріпті. Абырой болғанда жеткіншек бөлменің есігін жауып, артынша терезеден секіріп үйден қашып кетіпті.
Наубайхана қызметкерлері бозбалаға алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем қызметін шақыртып, солайша бала ауруханаға жеткізілген.
Келіп түскен ақпарат бойынша, оқиға Татарстанның Менделеевск қаласында болған. Бұрын үш рет сотталған ер адам ішімдікке сылқия тойып алып, отбасы мүшелеріне пышақ ала жүгірген. Салдарынан 3 адам мерт болыпты. Тек терезеден шығып, өгей әкесінен қашып құтылған 12 жастағы ұл ғана аман қалған.
Қазіргі таңда күдікті тергеу изоляторына қамауда отыр. Полиция қызметкерлерінің мәлімдеуінше, оның бұл қылығына қызғаныш себеп болған.