Amazon мен Blue Origin ғарыш компаниясының негізін қалаушы Джефф Безос Louis Vuitton Moët Hennessy (LVMH) тобының президенті Бернар Арноға жол беріп, әлемдегі ең бай адам мәртебесінен айырылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Сауда-саттықтан кейін Безос 13,9 миллиард доллар жоғалтып, екінші орынға түсті, оның байлығы 192,4 миллиард долларға бағаланады.
Енді бірінші орында Louis Vuitton мен Dior секілді сәнді брендтердің иесі Бернар Арно тұр. Ол да кейінгі тәулікте 2,9 миллиард доллар жоғалтты, оның байлығы - 192,9 миллиард доллар.
Әлемдегі бай адамдар тізімінде 179,4 миллиард доллары бар Илон Маск үшінші сатыда тұр. Одан кейінгі орындарда 131,6 миллиард доллармен Билл Гейтс, 126,2 миллиард доллармен Марк Цукерберг келеді.
Безостың миллиардтап ақша жоғалтуына Amazon акциялары құлдырауы себеп болды. Жұмада компания екінші тоқсанның қаржы есебін жариялағаннан кейін акциясы бірден 7,56 пайызға төмендеді, себебі табыс сарапшылар күткеннен төмен екені белгілі болды.
Сонымен қатар, компанияға 746 миллион еуро көлемінде айыппұл салынған. Өйткені Еуропа құпиялықты бақылау қызметі Amazon-да жеке деректерді өңдеу ЕО мәліметтерін қорғау туралы жалпы ережеге сәйкес келмейтінін анықтаған.