|
25.11.2023 | 11:36
3080

ДДСҰ: жаңа эпидемия туралы сөз етудің қажеті жоқ

Қытайдағы эпидемиологиялық ахуал тақырыбында конференция өтті

ДДСҰ: жаңа эпидемия туралы сөз етудің қажеті жоқ Сурет: elements.envato.com

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жүздеген бала белгісіз пневмонияны жұқтырған. Қытайдағы эпидемиологиялық ахуал тақырыбында конференция өткізді. Қытай тарапының мәліметінше, балалар бұрыннан бар ауруларға шалдыққан әрі жаңа эпидемия туралы сөз етудің қажеті жоқ, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі  Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Қытайдың солтүстігінде ауруханалар белгісіз ауруға шалдыққан науқас балаларға толып кеткен деген хабарлар бірнеше күн бұрын баспасөзде беттерінде тарады. Кейбір басылымдардың хабарлауынша, белгісіз пневмония кесірінен мектептердің бір бөлігін карантинге жабуға тура келетін секілді. Барлық жағдайларды білу үшін ДДСҰ Қытай билігінен елдегі жағдай туралы толық есеп беруді сұрады.

Бірер күн бұрын ДДСҰ өткен бейсенбіде ұйым мамандары Қытайдың ауруларды бақылау және алдын алу орталығы және Бейжің балалар ауруханасы өкілдерімен телекөпір өткізгенін хабарлады, деп жазады DailyMail.

 - Қытай билігі Бейжің мен Ляонинді қоса алғанда, жаңа патогендер немесе ерекше клиникалық белгілер анықталмағанын, тек белгілі патогендердің көптігінен тыныс алу жолдары аурулары өсімі артқанын хабарлады. Сондай-ақ олар респираторлық аурулардың көбейіп жатқанын, бірақ науқастар ауруханаға сыймай жатыр деген тағы айтуға болмайтынын жеткізді, - деп таратты ДДҰ баспасөз қызметі

Қытай бұл ауру микоплазмалық пневмония, RSV, аденовирус және тұмаудан туындаған инфекциялардың жиынтығынан өршіді дегенді нығырлап айтады.

Сәрсенбіде ДДСҰ Қытайдың солтүстігінде белгісіз пневмонияны жұқтыру ошақтары туралы толық есеп сұрап, өз алаңдаушылығын білдірді. Ұйым Қытай билігінің 2003 жылы SARS пневмониясын жасырғанын, сондай-ақ пандемияға әкеліп соқтырған 2019 жылы коронавирус туралы да уақтылы хабарламағанын атап өтті.

Оқи отырыңыз: Қытайда балалар арасында белгісіз пневмония өршіп тұр

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир