Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқ
Ауғанстанда магнитудасы 6,5 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
"СТӘЭ" сейсмикалық стансалар желісі 11 қазанда Астана уақыты бойынша сағат 06:44-те Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 1450 шақырым жерде, Ауғанстан аумағында жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы: 14.2.
MPV магнитудасы: 6,5.
Тереңдігі: 10 км.
Қазақстан аумағында сезілгені жөнінде ақпарат жоқ.
Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы шамамен 272 мың адам тұратын Герат қаласынан солтүстік-батысқа қарай 34 шақырым жерде орналасқан, деп жазады ТАСС.
Бірнеше минуттан кейін сол ауданда магнитудасы 5,0 болатын жер сілкінісі болды. АҚШ Геологиялық қызметінің хабарлауынша, Гераттың оңтүстік-шығысында орналасқан Чахар Бурдж қаласында магнитудасы 4,1 болатын жер сілкінісі болды.
Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқ. 7 қазанда Ауғанстанда магнитудасы 6,2-ге тең жер сілкінісі болып, 2 мыңнан астам адам қаза тапты.
Қазақстан Ауғанстанға 1,6 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жөнелтті.
Оқи отырыңыз: Ауғанстандағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны артуда