Брюссель көшелеріне 20 мыңға жуық адам шыққан
Бельгияда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері наразылық шарасын өткізуде: акция қатысушылары жалақыны көтеріп, еңбек жағдайларын жақсартуды талап етіп жатыр. Сондай-ақ аурухана мен қарттар үйінде қызметкерлер санын арттыру қажеттігін айтуда, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Брюссель көшелеріне 20 мыңға жуық адам шыққан.
Билік өкілдері наразылық білдірушілер мәселесі шешуді қажет ететінін мойындады, бірақ әзірге тек жоспар ұсынды.
«Мұнда келгендегі талабымыз – мейірбикелер санын арттыру қажет, сондай-ақ бұл мамандық жастарды қызықтыратындай болуы керек. Себебі бұл мамандықта жұмыс істей жүріп тұрақты отбасылық өмір құру қиын», – дейді медбике Тания Гендерес.
Бельгия кәсіподағы үкіметтің іс-әрекетін сынға алды – коронавирус дағдарысы кезінде көптеген денсаулық сақтау қызметкері жүктемені көтере алмай жұмыстан шығып қалған. Бұл ретте, олардың орны толтырылмай, қызметкерлер науқастарға дұрыс қарай алмай жатыр. Соған қарамастан бюджеттен бұл саланы қолдау шаралары қарастырылмай отыр.