Ажалсыз өлмейді: 9 қабаттан құлап кеткен қыз орнынан тұрды да жүріп кетті (ВИДЕО)
Оқиға үй маңайындағы бейнебақылау камераларына түсіп қалған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ресейдің Нижневартовск ауданына қарасты Излучинск ауылында қыз тоғызыншы қабаттағы пәтерінің терезесінен құлап кетті. Алайда, бір тылсым құдіреттің әсерінен оған түк те болған жоқ, деп хабарлайды Almaty.tv Sputnik-ке сілтеме жасап.
Сөйтсе, қыз қалың қар үйіліп жатқан жерге түскен екен, соның арқасында құлау жеңіл болған. Десе де, қыздың құлай салысымен сол сәтте орнына тұрып кете барғаны, таңғажайып жағдай деуге әбден болады.
Дегенмен, етқызумен байқамаса керек, сәл кейінірек қыз көршілерінен жедел жәрдем шақыруды өтінген. Жергілікті «Мегаполис» арнасының хабарлауынша, бүгінде 27 жастағы қыз жансақтау бөліміне жатқызылған, жағдайы орташа ауыр, өміріне қауіп жоқ.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Жақындарыңызға қамқор болыңыз: 24 қазанға арналған жұлдыз жорамал
24.10.2026 09:46
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
24.10.2026 09:10
Алматыда Республика күніне орай ауқымды іс-шаралар өтеді
23.10.2026 21:10
Егемендік декларациясы – тәуелсіздіктің алтын қазығы
23.10.2026 21:45