«Актерді өрмекші шағып алды»: дәрігерлер аяғын кесуі мүмкін
Vox Populi
Филлипс дәрігерлерге көрінгенде өрмекшінің уы аяғына тарап үлгерген
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Дәрігерлер улы өрмекші шаққан британиялық актер Мэтью Филлипстің аяғын кесуі мүмкін. Бұл туралы Manchester Evening News жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Филлипс Лас-Вегаста жүргенде оны улы өрмекші шағып алған. Қант диабетінің әсерінен туындаған жүйке ауруына байланысты актер алғашында оны байқамаған да.
Аяғы қарайып, күп болып ісіп кеткеннен кейін ғана аңғарған.
Филлипс дәрігерлерге көрінгенде өрмекшінің уы аяғына тарап үлгерген. Дәрігерлер шұғыл түрде жараны тілген, алайда актердің диабеті болғандықтан, ауруды басатын дәрі еге алмаған. Енді дәрігерлер оған инфекция түспеуінің қамын ойластырып жатыр.
Болжамдарға қарағанда, Филлипсті қоңыр өрмекші шағып алған болуы керек.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
05.11.2026 08:10
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
06.11.2026 08:10
Қарызды төлей алмасаңыз, берешекті реттеудің қандай жолдары бар
06.11.2026 10:34