Әлемде бір тәулікте 31 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырды

23.03.2020 15:44

Өткен тәуліктерде COVID-19 вирусынан әлемде 1600 адам көз жұмды

Фото: ашық дереккөзден

Әлемде COVID-19 жаңа коронавирусымен ауырғандар саны қазіргі уақытта 338 724 адамға жеткен. Worldometers.info сайтының мәліметінше, індет басталғалы бері 14 687 адам көз жұмған. Өткен тәулікте 31 039 адамның вирус жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Өткен тәуліктерде COVID-19 вирусынан әлемде 1600 адам көз жұмды.  

Ең көп адам өлімі тіркелген ел – Италия – 651 адам бір күнде бақилық болды. Тағы 5560 адам ауру жұқтырған. Індет басталғалы бері Италияда 5476 адам қайтыс болды. Бүкіл ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 59 138 адамға жетті.  

Испанияда бір тәулікте 375 адам, індет бсталғалы 1756 адам көз жұмды. Тағы 3107 адам ауру жұқтырған. Ел бойынша 28 603 адам коронавирус инфекциясына шалдықты.  

Иранда 129 адам көз жұмды, барлығы 1685 адам қайтыс болды. Бір тәулікте 1028 адам  ауру жұқтырған. Жалпы, елде вирус жұқтырғандар саны 21 638 адамға жетті.  

АҚШ-та өткен тәулікте 8576 адам ауру жұқтырған. Бір тәулікте 114 адам қайтыс болса, індет басталғалы 416 адам көз жұмды. Ауру жұқтырғандардың жалпы саны 32 783 адамға жетті.  

Францияда бір күнде 112 адам көз жұмды. Індет басталғалы 674 адамынан айырылған бұл елде ауру жұқтырғандардың жалпы саны 16 018 адамға жетті.  

Германияда бір тәулікте 2509 вирус жұқтырған, ел бойынша коронавируспен ауырғандар саны –24 873 адам. Бір күнде 10 адам қайтыс болса, індет басталғалы бері 94 өлім жағдайы тіркелген.  

Қытайда бір күнде 9 адам көз жұмды. Бүкіл ел бойынша вирус жұқтырғандар саны 81 054 адамға жетті, олардың 3261-і қайтыс болды.  

Қазақстанда қазіргі таңда 60 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды, оның ішінде Нұр-Сұлтанда – 31, Алматыда – 25, Қарағандыда – екі, Алматы облысында – бір, Ақтөбе облысында бір жағдай тіркеліп отыр.