|
21.06.2022 | 12:52
3135

Гонконгте аты аңызға айналған судағы мейрамхана батып кетті

Экипаж мүшелері зардап шекпеген, бірақ кемені құтқару мүмкін болмаған

Гонконгте аты аңызға айналған судағы мейрамхана батып кетті ©REUTERS

Гонконгтегі әйгілі Jumbo атты кеме-мейрамхана Оңтүстік Қытай теңізіне апара жатқан кезде суға батып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Гонконгтің әйгілі жері болған Jumbo Kingdom "жүзетін сарайы" 50 жылға жуық тұрған порттан шығарылғанына бірнеше күн өткен соң батып кеткен.

Aberdeen Restaurant Enterprises мәліметтеріне сәйкес, мейрамхана секілді кеме Парасель аралдары деген атауға ие Сиша аралдарының маңынан жүзген кезінде қолайсыз жағдайға тап болған, сөйтіп, суға батып кеткен.

Экипаж мүшелері зардап шекпеген, бірақ кемені құтқару мүмкін болмаған.

Ұзындығы 80 метрге жуық Jumbo мейрамханасы қырық жыл ішінде Гонконгтің көрікті жері болған. Онда 3 миллионнан аса қонақ, соның ішінде Ұлыбритания патшайымы Елизавета II мен актер Том Круз болған.

Алайда пандемия басталғаннан бері нысан жабық болған. Шығын, қымбат техникалық қызмет көрсетудің қиындықтарына байланысты оператор оны жергілікті "Мұхит саябағына" тегін беруге шешім қабылдаған, бірақ онда да осы себептерге байланысты қабылданбаған. Нәтижесінде олар мейрамхананы Оңтүстік-Шығыс Азиядағы қалаға апарып, шетелде әрі қарай жалғастыруды ұйғарған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир