Франциядағы президент сайлауы: екі кандидат келесі турға өтті
Depositphotos.com
Сайлаудың екінші кезеңі екі аптадан кейін – 24 сәуір күні өтеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
10 сәуір күні өткен Франциядағы президенттік сайлаудың бірінші турының нәтижесі жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Қазіргі президент Эммануэль Макрон 27,4 % дауыс жинап, жеңіске жетті.
Екінші орында «Ұлттық қауымдастық» партиясының төрағасы Марин Ле Пен, ол 24,0 % дауыс иеленген.
Сарапшылардың болжауынша, саяси науқанның бірінші турындағы сайлаушылар саны салыстырмалы түрде төмен болып шықты – 74,84 %. Бұл көрсеткіш 2007 жылғы сайлауда 83 %-дан астам болған.
Президенттік сайлаудан шығып қалған үміткерлердің көпшілігі өз жақтастарын екінші турда Эммануэль Макронды қолдауға шақырды.
Сайлаудың екінші кезеңі екі аптадан кейін – 24 сәуір күні өтеді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
08.11.2026 12:50
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
09.11.2026 12:50
8 қарашаға арналған валюта бағамы
08.11.2026 09:00
Қарызды төлей алмасаңыз, берешекті реттеудің қандай жолдары бар
08.11.2026 12:39
Көзі көрмейтін мас жүргізуші тасжолмен 240 шақырым жүріп өткен
08.11.2026 11:33