Биыл жазғы демалыс маусымында Алакөл аймағына 11 жолаушылар пойызы қатынайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі rail-news.kz сайтына сілтеме жасап.
Нақтылай айтқанда, Алматыдан аптасына екі рет «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның Тальго «Алматы-2-Достық» жүрдек пойызы қатынаса, тура осы құрамның жүрдек емес жай пойызы да осындай жиілікпен қатынайды. Сонымен қатар жұп күндері «Алматы-2-Достық» пойызының ауысып отыруға болмайтын вагондары, «Вагонсервис Алматы» ЖШС-ның «Алматы-Достық» пойыздары аптасына 3 рет, «ТұранЭкспресс» ЖШС-ның «Алматы-2- Достық» пойызы да аптасына үш рет Алакөлге барып келеді.
«Ал Нұр-Сұлтан қаласынан «Жолаушылар тасымалы» АҚ- ның 2 пойызы аптасына 2 рет және жеке тасымалдаушының 1 пойызы жұп күндері Нұр-Сұлтан-1 және Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол станцияларынан Достыққа қатынайды. Шығыс Қазақстан облысынан «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның «Семей-Достық», «Өскемен -Достық» бағдарлары бойынша пойыздары тақ күндері және «Ақтоғай-Достық» пойызы күн сайын жүретін болады», – делінген жарияланымда.