Супермен сияқты секірген желаяқ мәре сызығын бірінші болып кесті (ВИДЕО)

13.05.2019 15:45

Турнир ұйымдастырушылары спортшының қимылын «Суперменнің секірісі» деп атаған

АҚШ-та өткен жарыста спортшының мәреге жеткендегі секірісі жұрттың жағасын ұстатты.

АҚШ спортшысы Инфинит Таккер SEC Outdoor Track & Field Championships турнирі аясында 400 метр қашықтыққа кедергіден аттап жүгіру жарысында соңғы сәттегі шалт қимылының арқасында мәре сызығын бірінші болып кесті.



Сол сәттің видеосын турнир ұйымдастырушылары Twitter аккаунтында жариялаған.

Командаласынан озғысы келген Таккер мәре сызығынан жүгіріп өтуді емес, алға қарай секіріп, сызықтың ар жағына ұшып түсуді жөн көрген екен. Турнир ұйымдастырушылары мұны «Суперменнің секірісі» деп атады.