Египетте автобус апатынан 12 адам қайтыс болды

05.09.2021 в 15:46

Апат Суэц-Каир тас жолында болды

Мысырда автобустың қатысуымен болған апат салдарынан 12 адам қаза тапты, 34 адам жарақат алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Апат Суэц-Каир тас жолында болды. Автобус Шарм -эль -Шейхтен Египет астанасына бара жатқан жолда аударылып кеткен.