|
16.05.2024 | 10:47
1595

Ең пайдалы жеміске жойылу қаупі төніп тұр

Бір авокадоға орта есеппен 320 литр су қажет

Ең пайдалы жеміске жойылу қаупі төніп тұр elements.envato.com

Авокадо жаһандық жылынудың салдарынан жойылу алдында тұр, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Климат дағдарысының танымал жемістің өндірісіне кері әсері жөнінде ғалымдар арнайы зерттеу жүргізген. Сарапшылардың пікірінше, ғасырдың ортасына қарай егістік көлемі кемінде 14 пайызға, ең көбі 41 пайызға қысқарады. Мұның өзі болашақта атмосфераға қаншалықты зиянды заттардың бөлінетіндігіне байланысты. Әлемдегі ең ірі авокадо өндірушісі Мексикада жаһандық орташа температура екі градусқа көтерілмеген күннің өзінде егістік алқабы 31 пайызға қысқаруы мүмкін. Егер ауа температурасы бес градусқа жылынса, егіс алқабы 43 пайызға қысқарады. 

Авокадо өсіру үшін мол су қажет: бір авокадоға орта есеппен 320 литр су кеттеді. Бұл сала ыстық аймақтарда – Бурунди, Чили, Перу, Испания, Оңтүстік Африка және Мексикада дамығанын ескерсек, плантациялар ауа райы апаттарының алдында осалдық танытады. Аталған аймақ, әсіресе, топырақ эрозиясына, ұзақ құрғақшылыққа және ұзақ жауын-шашынға бейім. Табиғи апаттар мен су тапшылығы жағдайында өндіріс процесі айтарлықтай қымбаттайды.

Оқи отырыңыз: Атырауға италиялық шегірткелер келуі мүмкін

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир