Нигерияда жол апатынан автобустың 20 жолаушысы қаза тапты
Depositphotos
Жол апатына жылдамдықты арттыру себеп болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Нигерияның оңтүстік-батысындағы Лагос штатында жексенбі күні автобус пен жүк көлігінің соқтығысуынан 20 адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Лагос штатының көлік басқармасы жексенбі күні оқиғаның Мово қаласындағы жолда болғанын хабарлады. Жүргізушімен бірге 20 адам болған автобус, үлкен жылдамдықпен келе жатып, құм мен топырақ тиелген алдыңғы көлікке соғылды. Автобустағы адамдардың барлығы қаза тапты. Жүк көлігінің жүргізушісі зардап шеккен жоқ.
Көлік басқармасының мәліметінше, жол апатына жылдамдықты арттыру себеп болған.
Нигерияда жолдың нашарлығына және жылдамдықты арттыруға байланысты жол апаты жиі болады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Жақындарыңызға қамқор болыңыз: 24 қазанға арналған жұлдыз жорамал
24.10.2026 09:46
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
25.10.2026 08:20
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
25.10.2026 10:30
Күзде қандай аурулар жиі асқынады
24.10.2026 16:47
Баланың сабаққа зейінін арттыратын тағамдар аталды
24.10.2026 15:37