15 жасар оқушы 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Германияда 15 жастағы мектеп оқушысы қызғаныштан үш жасар інісін пышақтап, оның қанымен анасына хабарлама қалдырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қыздың анасы ол үйде болмаған кезде інісіне қарауды өтінген. Бала ұйықтап жатқанда, әпкесі оған пышақпен 28 соққы беріп, содан кейін жасырынуға тырысқан. Ол үйден 10 шақырым қашықтықта табылды.
Полицияның мәліметінше, ол ұстауға қарсы шықпады және сабырлы болып көрінді. Қыз кінәсін мойындады.
Органда қыздың қабырғада қанмен жазба қалдырғанын растады, бірақ ол жерде не жазылған айтудан бас тартты.
Көз жұмған баланың анасының бұрынғы әріптесінің айтуынша, қыз өзін шетте қалғандай сезініп, інісіне қызғанышпен қараған. 15 жасар оқушы 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.