Үндістандағы белгісіз дерттің таралу себебі аталды

© REUTERS
© REUTERS
Індеттен барлығы 505 адам зардап шеккен
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Үндістанда су мен сүттен қорғасын және никель табылды. Бұл елдің оңтүстігінде Андхра-Прадеш штатында жұмбақ ауруды тудыруы мүмкін. Металдар суда және сүтте қайдан пайда болғаны белгісіз, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Белгісіз дерт өткен жексенбіде Элуру қаласында тараған болатын. Аурудың сиптомдарына үш-бес минуттық эпилепсия, есте сақтау қабілетінің жоғалуы, әлсіздік, бас ауруы және арқадағы ауырсыну жатады.

«Жұмбақ аурудың себебі туралы толық ақпарат орталық департаменттер өз есептерін ұсынғаннан кейін ғана белгілі болады. Әзірше індеттің себебі қорғасын екені анықталды», – деді Мемлекет басшысының денсаулық сақтау жөніндегі орынбасары Алла Кали Кришна Сринивас.

Дереккөз мәліметінше, бұл тек алдын ала мәлімет, сондықтан қосымша зерттеулердің нәтижелерін күту қажет.

Жергілікті денсаулық сақтау органдарының мәліметінше, індеттен барлығы 505 адам зардап шеккен, 370-тен аса адам жазылып шыққан, тағы 120-сы ауруханаларда.

Еске салайық, мұның алдында Үндістанда белгісіз ауру тарап жатқаны хабарланған болатын. Дәрігерлердің айтуынша, Андхра-Прадеш штатының Элуру қаласындағы науқастардың жүрегі айнып, кейбірі тіпті есін жоғалтқан.

Новости партнеров