Ердоған миллиардерді «Tesla» электр көлігі шығаратын жетінші зауытты Түркияда ашуға шақырды
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Нью-Йоркте америкалық кәсіпкер Илон Маскпен кездесті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Ердоған миллиардерді «Tesla» электр көлігі шығаратын жетінші зауытты Түркияда ашуға шақырды.
Сондай-ақ Түркия президенті елдің ғарыш бағдарламасы аясында SpaceX-пен ынтымақтастықты дамыту мәселесіне тоқталып өтті.
Бұған қоса Ердоған Маскты қыркүйек айының соңында Измирде өтетін технология көрмесіне қатысуға шақырды.
Оқи отырыңыз: Алматы қаласы бойынша 18-24 қыркүйек аралығындағы ауа райы болжамы