АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси АҚШ Тайваньға қолдау көрсетуден бас тартпайтынын және АҚШ-тың Тайваньда және бүкіл әлемде демократияны сақтау жөніндегі міндеттемесі бұзылмайтынын жеткізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Қауіпсіздік, экономика, басқару. Осы үш салада да Тайваньмен ынтымақтастық және достық қатынастамыз және біз мұны бағалаймыз. Тайваньды ковид мәселесімен күресуде жеткен жетістіктерімен құттықтаймын. Бүгінгі таңда әлем демократия мен автократия арасында таңдау жасау керек болып тұр. Американың мақсаты – Тайваньда және әлемде демократияны сақтау», – деді АҚШ Конгрессі өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси.