Англияда жұмысынан айырылған ер адам лотереядан 1 млн фунт стерлинг ұтып алды
Бұған дейін ер адамның өмірінде сәтсіздіктер көп болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Британдық Дэвид Адамс жұмыстан шығып қалғаннан кейін келесі күні лотереядан бір миллион фунт стерлинг джекпот ұтып алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Бұған дейін ер адамның өмірінде сәтсіздіктер көп болған. Бір жыл бұрын оның әйеліне склероз (ұмытшақтық) диагнозы қойылған, ол жұмыстан шығып қалып, отбасының табысы азайған. Төрт ай бұрын Адамстың келіні жүрек талмасынан қайтыс болды, ал бір айдан кейін оның ағасы коронавирустан көз жұмған. Адамс өзі ұтыстан бір күн бұрын жұмысынан айырылған. Әйелінің айтуынша, Дэвид кейде онлайн-лотерея ойнайды, онда ол жұп үшін маңызды сандардың екі жолын қолданатын болған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
06.10.2026 09:30
Шерзод Давлатов дзюдодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
05.10.2026 09:24
Елордада бес көлікті жалын шарпыды
06.10.2026 10:00
Елімізде көлік жүйесі қалай өзгеріп жатыр
05.10.2026 09:45