Жарылыстың себебі әлі анықталмады
Қытайдың Гуандун провинциясы Чжухай қаласындағы қонақүй маңында жарылыс болып, үш адам зардап шеккен, деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.
Қытайдың Орталық телевизиясының мәліметінше, Бейжің уақыты бойынша таңғы сағат 9-да жергілікті өрт сөндіру қызметіне Чжухай қаласының Доумэнь ауданындағы қонақүйдің маңындағы жарылыс туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына 11 өрт сөндіру машинасы барған.
Басылымның мәліметінше, қазіргі уақытта іздестіру-құтқару операциясы жалғасып жатыр, қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ.
Жарылыстың себебі әлі анықталмады.