|
04.11.2023 | 11:00
4224

Непалдағы жер сілкінісі: қаза тапқандар саны 120 адамнан асты

Непалда 6,4 балдық жер сілкінісі болды

Непалдағы жер сілкінісі: қаза тапқандар саны 120 адамнан асты Сурет: adventtr/Getty Images

Непалдың батысында болған 6,4 балдық жер сілкінісі салдарынан 128 адам қаза тауып, жүздеген адам жарақат алды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Непал мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, Непалдың батысындағы Джажаркот және Рукум аудандарында 140-тан астам адам жарақат алған.


Непал премьер-министрі Пушпа Камал Дахалдың кеңсесі елдің үш қауіпсіздік агенттігінің де зардап шеккендерді дереу құтқару және емдеу үшін жұмылғанын хабарлады.


Құтқарушылар таулы ауылдардан адамдарды іздеп жатқанда шенеуніктер қаза тапқандар санының артуы мүмкін екенін ескертті.


Жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша түн ортасы шамасында, адамдар ұйықтап жатқан кезде болды. Жерасты дүмпулері қаладан жүздеген шақырым жерде орналасқан Үндістан астанасы Нью-Делиде де сезілді.


Непалда 2015 жылы болған 7,8 баллдық күшті жер сілкінісі таулы елде 12 000-нан астам адамның өмірін қиып, 1 миллионға жуық құрылысты зақымдаған еді.


Оқи отырыңыз: Апат салдарына кім жауапты: далада қалған тұрғындар пәтер жалдауға мәжбүр

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир