ҚХР төрағасы қытайлық сарбаздарды соғысқа дайын болуға шақырды
открытые источники
Си Цзиньпин әскерилерден адал, сенімді және мінсіз болуды талап етті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қытай әскері соғысқа назар аударып, жоғары дайындықты қамтамасыз етуі керек. Бұл сөздерді ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Гуандун провинциясындағы әскери базаға барғанда теңіз жаяу әскерінің корпусына қаратып айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.
Бұдан бөлек Си Цзиньпин әскерилерден адал, сенімді және мінсіз болуды талап етті.
«Сіздер соғысқа баруға дайын болу үшін ақыл мен күшіңізді жинап, барынша сақ болуыңыз керек», – деп келтірді төрағаның сөзін телеарна.
Си Цзиньпин теңіз жаяу әскері корпусын қытайлық армияның таңдаулы бөлімшесі деп атап, елдің егемендігін, қауіпсіздігін, территориясы мен мүддесін қорғауға шақырылғанын атап өтті.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
10.11.2026 09:40
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
10.11.2026 13:50
Нөсер жаңбыр, қар аралас жаңбыр және жел: Алматыда күн бұзылады
10.11.2026 12:10
Алматы Қытайдың іскерлік туризм нарығындағы орнын нығайтып келеді
09.11.2026 10:00