Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш провинциясында 4,1 балдық жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Almaty.tv.
Түркияның Төтенше жағдайлардың зардаптарын жою басқармасының (AFAD) хабарлауынша, жерасты дүмпуі жергілікті уақыт бойынша 18:40-та тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Түркоғлы аймағында орналасқан.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, 6 ақпанда Кахраманмарашта магнитудасы 7 балдан асатын 2 жер сілкінісі болды. Жер сілкінісі елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес мемлекеттерде, соның ішінде Сирияда да сезілді.
Жер сілкінісінің материалдық шығыны 2 триллион түрік лирасын (105 миллиард доллардан астам) құрайды. Соңғы мәліметтер бойынша Кахраманмараштағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны - 50 096. 107 204 адам зардап шекті.
Дерккөз: ҚазАқпарат