Коронавирусты жылдам анықтайтын құрылғы пайда болмақ

Газета.ру
Газета.ру
Құрылғы алтын қабатымен жабылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Колумбия округіндегі Джордж Вашингтон университетінің ғалымдары науқастардан COVID-19 немесе антидене іздерін дереу анықтай алатын миниатюралық құрылғыны ойлап тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

 Құрылғы алтын қабатымен жабылған. Ол заттарға газ тәрізді күйде реакция жасап, сәуленің түсін өзгерте алады. Сонымен бірге жасанды интеллект детектордың реакциясын талдап, науқастың қанында қандай зат бар екенін анықтайды.

 Іс жүзінде былай: детектордың бетіне коронавирусқа сезімтал реагент жағылады. Вирустың бөлшектері детекторға тигенде, ол жарығын өзгертеді. Ал оны телефон камерасы арқылы көруге болады.

 Зерттеушілер болашақта олардың ойлап тапқан құрылғысы мамандарға COVID-19 жұқтырған науқастардың ауқымды деректер базасын құруға мүмкіндік беретініне сенімді.

Новости партнеров