Илон Масктың компаниясы адам миына чип енгізді
Depositphotos
Бұл туралы миллиардер X әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Америкалық миллиардер әрі кәсіпкер, SpaceX және Tesla негізін қалаушысы Илон Маск бірінші адам миына Neuralink имплантын енгізу процедурасынан өткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы миллиардер X әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.
"Бірінші адам кеше Neuralink-тен имплант алды және отадан кейін жақсы сауығып келеді", - деді ол.
Масктың айтуынша, құрылғы жұмысы туралы алғашқы мәліметтер жақсы нәтижелерді көрсеткен.
Еске салайық, 2023 жылғы қыркүйекте америкалық бизнесмен Илон Масктың нейротехнологиялық компаниясы Neuralink импланттарды миға енгізу бойынша клиникалық сынақтар үшін еріктілерді тарта бастады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
05.11.2026 08:10
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
04.11.2026 08:11
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
04.11.2026 18:53
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
05.11.2026 08:43