Жол-көлік оқиғасы Ресей шекарасынан жақын маңда, Боли ауданында болған
Сенбі күні Қытайдың солтүстік -шығысындағы Хэйлунцзян провинциясындағы ірі жол апатынан 15 адам қаза тауып, тағы біреуі жараланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасы Ресей шекарасынан жақын маңда, Боли ауданында болған. Ауыр салмақты жартылай тіркеме мен трактор соқтығысқан. Апат себептері анықталуда, тергеу жүргізілуде.