|
01.11.2023 | 11:08
750

Жасанды интеллект бойынша жаһандық серіктестік жалғасады

Ұлыбританияда жасанды интеллект қауіпсіздігі саммиті өтеді

Жасанды интеллект бойынша жаһандық серіктестік жалғасады Сурет: elements.envato.com

Бүгін Лондоннан солтүстікке қарай 80 шақырым жерде орналасқан «Блетчли парк» ғимараты - екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі бұрынғы шифрды ашу орталығында жасанды интеллект қауіпсіздігі бойынша екі күндік саммит басталады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап. 

Шараны Ұлыбританияның ғылым, инновация және технологиялар министрі Мишель Доннеллан ашады. Ол Ұлыбританияның жасанды интеллектті қауіпсіз дамыту туралы көзқарасын баяндайды. Саммитте ұлттық қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатерлерге және осы технологияны бақылауды жоғалту қаупіне басты назар аударылады.

 - Сонымен қатар сайлауды бұзу, сенімге нұқсан келтіру және жаһандық теңсіздікті кеңейту арқылы технологияның қоғамға ықтимал теріс әсері талқыланады, - деп атап өтті Британ Министрлер кабинеті.

Саммиттің бірінші күні ауруларды емдеуден бастап білім беруді жақсартуға дейінгі елеулі қоғамдық игіліктерге қол жеткізу үшін жасанды интеллект технологиясымен бірлесіп жұмыс істеуге қатысты пікірталас өтеді.

Кездесудің екінші күні Ұлыбританияның премьер-министрі Риши Сунак үкіметтің, компаниялар және сарапшылардың шағын тобын жинап, жасанды интеллекттің озық технологияларының пайда болуымен байланысты тәуекелдерді жою үшін жасалуы мүмкін қадамдарды одан әрі талқылайды.

Соңғы жылдары жасанды интеллект технологиялары қарқынды дамып келеді. 2023 жылдың көктемінде танымал ChatGPT чат-ботының жаңа нұсқасы пайда болды, ол әртүрлі сұрақтарға жауап беруге, өлең жазуға тіпті университет емтиханын тапсыруға қабілетті.

Британдық сарапшылар кейбір жасанды интеллект қызметтері адамдарға өтірік айтуы мүмкін және болашақта өздерінің кодтарын құрай алуы мүмкін, онда оларды болжау мүмкін болмайды деп алаңдаушылық білдірді. Өз кезегінде, технологиялық компаниялар жаңа технологияларды әзірлеуге, кейде этикалық нормаларды ескермей, жүздеген миллион доллар инвестициялайды.

Айта кетейік, бұған дейін жасанды интеллектті пайдалану туралы G20 және G7 көшбасшылары арасында, сондай-ақ БҰҰ аясында және 2020 жылдың маусымында басталған «Жасанды интеллект бойынша жаһандық серіктестік» көпжақты бастамасы аясында талқыланған болатын.

Оқи отырыңыз: Қаржы пирамидасы үш облыстың тұрғындарынан 490 млн теңге тартқан

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир