Измирде зілзаладан қаза тапқандардың саны 114 адамға жетті
inform.kz
1 035 адам жарақат алған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Измирдегі зілзала құрбандарының саны 114 адамға жетті. Бұл туралы Түркия үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою басқармасы (AFAD) мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Басқарманың мәліметінше, 30 қазандағы жер сілкінісінен кейін жалпы саны 1 713 афтершок тіркелген.
Зілзала салдарынан 114 адам қаза болып, 1 035 адам жарақат алған. Оның 898-і медициналық көмек көрсетілген соң үйіне жіберілген, 137-сі емделіп жатыр.
Измирдегі 17 ғимараттың 15-інде іздеу-құтқару жұмыстары аяқталды. Құтқарушылар қалған 2 ғимаратта жүмысын жалғастыруда.
Еске сала кетейік, 29 қазанда Измир провинциясы Эгей теңізінің жағалауында магнитудасы 6,6 балдық жер сілкінісі болған еді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
23.10.2026 08:10
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директорын қабылдады
22.10.2026 14:32
Алматының вайбы күзге арналған: тұрғындар қала туралы не дейді
22.10.2026 21:41