АҚШ-та пойыз рельстен шығып кетті: 50-ден аса адам зардап шекті

top10a.ru
top10a.ru
З адам қаза тапты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

АҚШ-тың Монтана штатында пойыз рельстен шығып кетті, 50-ден аса адам зардап шекті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

АҚШ-тың Amtrak теміржол жолаушылар компаниясы пойыз Монтанадағы Джоплин елді мекенінің маңында рельстен шығып кеткенін, апат кезінде шамамен 150 жолаушы мен 13 команда мүшесі болғанын хабарлады. CBS телеарнасы полицияға сілтеме жасай отырып, үш адам қаза тапқанын мәлімдеді.

Хилл округінің төтенше жағдайлар жөніндегі үйлестірушісі Аманда Фрикелдің айтуынша, 50-ден аса адам жарақат алған, кем дегенде бір адам қайтыс болды. Төтенше жағдайлар қызметінің өкілі оқиға орнына алты ауданның құтқарушылары барғанын атап өтті.

«Тірі қалғандардың бәрі апат болған жерден шығарылды»,  деді Фрикел New York Times газетіне.

Апат орнына медициналық тікұшақтар барды, зардап шеккендерді бес аурухана қабылдауға дайын, деп қосты ол.

Новости партнеров