|
05.04.2019 | 11:10
4910

Ашуға булыққан мұғалім баланың арқасына ыстық үтік басып алды

Полиция мұғалімге «Ұрып-соғу» бабы бойынша әкімшілік іс қозғады

Ашуға булыққан мұғалім баланың арқасына ыстық үтік басып алды

Ресейдің Воронеж облысында технология пәнінің мұғалімі жанжал кезінде 12 жастағы оқушыны үтікпен күйдірді. Бұл туралы «Мое Online» порталына баланың анасы хабарлады.

Оның айтуынша, оқиға 20 наурызда болған. Баланы І және ІІ дәрежелі күйік шалыпты.

«Ол үтіктің баусымын розеткадан суырып, ұлымның арқасына басып, бу шығарған», - дейді әйел.

Мектеп директоры Валерий Синягин мұндай оқиғаның болғанын растады.

«Ол мұғалім біздің мектепте 35 жылдан аса уақыт жұмыс істеді, өзінің айтуынша, сол күні балалар әбден ашуына тиіп, жүйкесі сыр берген», - деп түсіндірді ол.

Синягин ер адам сол күні-ақ мектептен кетуге өтініш жазғанын айта кетті.

Порталдың мәліметінше, полиция мұғалімге «Ұрып-соғу» бабы бойынша әкімшілік іс қозғаған.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир