Мектептен қайтып келе жатқан екі оқушыны жер "жұтып қойды"

Мектептен қайтып келе жатқан екі оқушыны жер "жұтып қойды"
Шалшық судың бетінде қалқып жатқан досының сөмкесін байқаған Дэвис дереу көмекке ұмтылған, алайда құбыр оны да тартып әкеткен
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Англияның Линкольншир графтығында мектептен үйіне қайтып бара жатқан екі жасөспірімді құбыр тартып әкетті.

12 жастағы Юан Боттомли досы Люк Дэвиспен бірге сабақтан шығып, үйіне келе жатқан. Кенеттен оқушының аяғы тайып, терең шалшыққа құлап түседі. Баланы су түбінен өтетін құбыр тартып әкеткен, деп хабарлайды Sputnik.  

Досының сөмкесі шалшық судың бетінде қалқып жатқанын байқаған Дэвис дереу көмекке ұмтылған. Алайда, ол да су астына кетті. Бірнеше секундтан кейін су ағысы екі жасөспірімді құбырдың екінші жағынан шығарған.

"Егер де мен ағаш бұтағына ілігіп қалмағанымда, суға батып кетер едім. Есеңгіреп қалғаным соншалық, жылауға да шамам келмеді", - дейді Боттомли.

Екі оқушы да аман-сау үйлеріне оралды. Жасөспірімдер оқыс оқиға кезінде өлімге дайындалғанын мойындады.

Новости партнеров