|
26.01.2020 | 11:15
4439

Түркияда жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 31-ге жетті

44 адам үйінділер астынан шығарылды

Түркияда жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 31-ге жетті Sputnuk

Түркияның шығысында жер сілкінісі салдарынан қаза тапқан адамдар саны 31-ге жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Осыған дейін, 29 адамның қаза тапқаны және 1466 адамның жарақат алғаны айтылды. 44 адам үйінділер астынан шығарылды. Жұмағада 6,8 балдық жер сілкінісінің ошағы Елазығ провинциясындағы Сивридже қаласында болды. Кейінірек 4 балдық 228 автершок тіркелді. 

Жер асты дүмпулері Шығыс Түрік провинцияларындың Адана, Хатай, Османия, Тунджели, Газиантеп, Шанлыурфа, Малатья, Мардин, Самсун, Токат, Чорум және Кайсери қалаларында, сондай-ақ Сирияның солтүстігінде сезілді. Түркияның ішкі істер министрі Сулейман Сойлу құтқарушылар үйінділерді қарап жатқанын хабарлады, олардың астынан тағы 30 адам табылуы мүмкін.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир