COVID-19: Ғалымдар қандай жағдайда өлім қаупі артатынын анықтады

27.07.2020 16:15

Мамандар зерттеу жүргізіп, диабеті бар пациенттердің ауруханаға жатқызуды алты есе жиі қажет ететінін және өлімге ұшырайтынын анықтады

uza.uz

Қытай ғалымдары пациенттің қанында қант деңгейі жоғары болған жағдайда коронавирус сырқатының өлім қаупі артады деген қорытындыға келді. АҚШ-та Калифорния университетінің ғалымдары COVID-19 кезінде өлім қаупін 12 есеге арттыратын ауруды анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Мамандар зерттеу жүргізіп, диабеті бар пациенттердің ауруханаға жатқызуды алты есе жиі қажет ететінін және өлімге ұшырайтынын анықтады. Сонымен қатар, ауру коронавирустық инфекцияның ауыр өтуіне ықпал етеді.

«Диабеттің ең ауыр асқынуларының бірі – ағзаның иммундық қорғаныс функциясын әлсірету. Сонымен қатар, ауру инсультке, миокард инфарктіне, аяқ-қолдың иннервациясының бұзылуына, бүйрек пен көру жұмысының бұзылуына әкелуі мүмкін», – деп атап өтті Калифорния университетінің медицина профессоры Пракаш Дидванья.

Өлім қаупін азайту үшін профессор қандағы қант деңгейін үнемі тексеруге және дәрігерлермен байланыста болуға шақырды.

«Сонымен қатар, диабетиктер белсенді өмір салтын ұстануы керек және жақсы ұйықтауы керек», – деп қорытындылады Дидванья.

Сондай-ақ, ғалымдар қант диабеті бар адамдарға басқа азаматтармен қарым-қатынас кезінде барлық сақтық шараларын сақтауға кеңес береді.