Өзбекстанның екі облысын су басып 4 адам қайтыс болды

21.04.2022 16:15

Қазіргі уақытта құтқарушылар төтенше жағдай салдарын жою шараларын қабылдауда

ҚазАқпарат

Толассыз жауған жаңбыр салдарынан Өзбекстанның Самарқанд және Жызақ облыстарының көп бөлігінде су тасқыны болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Елдің Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 19 сәуірде басталған нөсер жаңбырдан кейін 20 сәуірде Самарқанд және Жызақ облыстарының бірқатар аудандарында сел мен су тасқыны байқалды. Атап айтқанда, су тасқыны Жызақ облысының Бахмал, Фориш, Ғаллаарал және Ш.Рашидов аудандарында байқалған. Алдын ала мәлімет бойынша, Фориш ауданындағы су тасқыны салдарынан 4 адам (1 ер, 3 әйел) қаза тапқан. Толассыз жауған жаңбыр салдарынан Самарқанд облысының Иштихон, Булунғыр және Үргут аудандарында су тасқыны болып, М-39 халықаралық тас жолының бөліктерін су басқаны айтылады хабарламада. Қазіргі уақытта құтқарушылар төтенше жағдай салдарын жою шараларын қабылдауда.