Австралияда өрттен 500 миллионға жуық жануар өлді

06.01.2020 16:16

Мұндай ақпаратты Сидней университетінің экологтары таратып отыр

365newsx.com

Қызыл жалыннан қырылғандардың қатарында «Қызыл кітапқа» енген коалалар да бар. Сондай-ақ, тілсіз жау шарпыған аумақта кенгуру мен құстар және бауырымен жорғалаушылар да мекен етеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жаңа Оңтүстік Уэльс пен Виктория штатында 130-дан астам өрт болған. Жалын 4,5 миллион гектардан астам орманды жойды. Өртте кемінде 18 адам қаза тапты, 1400-ге жуық үй өртенді деген де ақпарат бар. Табиғат апатынан былтыр қаза тапқандардың саны 24-ке жеткен. Тағы 20-дан астам тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткен. Билік тілсіз жаумен күресу үшін 3 мың сарбазды жұмылдырып, әскери кемелер өрт жайлаған аудандардан тұрғындарды құтқаруға тартылған.