Ел билігі парламент сайлауы қарсаңында зейнеткерлерге сый жасады
Моңғолия президенті Халтмаагийн Баттулга 2020 жылғы парламент сайлауының қарсаңында жомарттық танытып, елдегі барлық зейнеткердің кредитін кешірді.
Президент мерекелік бейнеүндеуінде зейнет жасындағы азаматтардың кредит бойынша қарызы кешірілетінін жариялады, деп хабарлайды Росбалт.
Жалпы алғанда 200 мыңдай борышкердің кредиті жабылмақ. Олардың дені әжептәуір ірі сома төлеп жүрген.
«Моңғолияның ұлттық қауіпсіздік кеңесі қарыздан құтылуға көмектесу мақсатында барлық зейнеткердің кредитін өтеп беру туралы шешім қабылдағанын қуана хабарлаймын», - деді Баттулга.
Бұл ретте басылым мұндай шешімдерді ұлттық қауіпсіздік кеңесі емес, парламент қабылдайтынын атап өткен.