|
03.05.2019 | 11:16
1349

Сұлулық байқауы жеңімпазының жансыз денесі жуынатын бөлмеден табылды

Мексикада «Мисс Уругвай» сұлулық байқауының жеңімпазы көз жұмды

Сұлулық байқауы жеңімпазының жансыз денесі жуынатын бөлмеден табылды

2006 жылы өткен «Мисс Уругвай» байқауының жеңімпазы Фатими Давиланың жансыз денесі Мехико қонақүйлерінің бірінде табылды, деп хабарлайды Universal порталы.

Алдын ала мәліметке сәйкес, 31 жастағы Фатимидің денесі қонақүйдің жуынатын бөлмесінде табылған. Оқиғаның себебі анықталып жатыр.

Мехико прокуратурасы шетел азаматының өлімін растады. Фатими Мехикоға 23 сәуір күні жұмысқа орналасу үшін келген. «Мисс Уругвай» байқауындағы жеңісінен кейін ол модель болып қызмет атқарыпты.

Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алайда полицейлер Фатими өз-өзіне қол салды деген болжамды да жоққа шығармайды.

Мексикада шетелдік модельдердің өлімі соңғы жылдары жиілеп кеткен. 2018 жылы ел астанасының маңында азаптап өлтірілген тағы бір модельдің денесі табылды. Ол Венесуэла азаматы болатын. 2017 жылдың желтоқсан айында аргентиналық қыз өлтірілді. Бұған дейін Нуэво-Леон штатында шетелдік модельді атап тастаған болатын.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир