Таудан тас құлап, тоғыз турист қайтыс болды
Үш адам түрлі жарақат алған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Үндістанның Химачал-Прадеш штатында тас көшкінінен тоғыз турист қайтыс болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Kaz.tengritravel.kz сілтеме жасап.
Таудан дөңгелеп түскен тастар өзенге және тасжолға құлап, сол маңда тұрған көліктерді басып қалған.
Көшкін салдарынан тоғыз турист қаза тапты, тағы үш адам түрлі жарақат алған. Саяхатшылар Делиден Үндістандағы Читкул ауылына барған.
Штат министрі қайтыс болғандардың туыстарына көңіл айтты. Апаттың себептері анықталып жатыр. Болжам бойынша, бұл апат елдегі маусымнан қыркүйекке дейін созылатын жаңбырлы мезгілге байланысты болуы мүмкін.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
16.10.2026 14:01
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
17.10.2026 09:12
Алаяқтық қарыздың рәсімделуіне қалай жол бермеу керек
16.10.2026 12:35
Жалақы уақытында берілмесе қайда шағымдану керек
16.10.2026 21:34
Қазақ бидайын ең көп қай елдер сатып алады
16.10.2026 21:08